Техникалық қолдау: +7 (707) 532-77-22
Жас және бастаушы авторларды қолдау
Жас және бастаушы авторлар жұмысы
Қош болғын енді!
Бекжан Керімбекұлы
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Қош болғын енді!

Мен сені өзгеден қызғанамын,
Көрсем сені өзгемен мұңданамын
Білесің бе,жүректің сыздағанын
Сезімнің оты тұрған кезде,
Көрдің бе, жүректің мұздағанын?!
Неліктен,мен саған таңданамын,
Бекерге сезімді арнамадым,
Бекерге өлең жазбағаным.
Жаным ау, көзің бола,соқыр ма едің?!
Мен саған, кейде қатты таңғаламын.
Жүргеніміз, осынша бекер ме еді,
Осы ма, уақыттың жетелгені.
Екеуміз, бір болып жүрсек дағы,
Жалғыз аққу екенбіз мекендегі.
Жүрегім менің, болыпты саған қуыршақ
Кеттің бе жанға,сатқындықтың туын сап.
Жүрекке мұң,жанға оқ қадап кеттің,
Содан бері ауырады қуыршақ.
Кім болсаңда,бақытты болғай тілерім
Мейлі қатты,ауырсада жүрегім.
Өмір деген,бір орнында тұрмайды
Ары қарай ойыммен өмір сүремін.
Бақытты бол,құдай берген бағынмен
Сүйсін сені, жүрегімен,жанымен.
Қош болғын енді,аман болшы жарығым,
Сен арқылы сезімнің сырын танып ем!
ТҮҢІЛУГЕ, БОЛА МА?
Бекжан Керімбекұлы
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Түңілдің бе?
Көтергін қане басыңды.
Алдыға жүр,
Көздегі сүртіп жасыңды.
Бір күн өтіп,басқа күнде келеді,
Ойласаңшы, алыспенен жақынды.

Сен өмірдің,қиынына қарама
Атқан таңды,қуанышпен бағала
Уақыт тоқтап, бір орнында қалама,
Адам деген, теңізде ұшқан шағала.

Ешкім менің, жетпеді деп нарқыма,
Соқпа басты,тау мен тасқа шарқ ұра.
Мұңды көрмей, қуанышта болмайды,
Шыңға шыққын,алға жүріп талпына.

Өкінбегін,өткен күн оралама,
Естеліктер,жанға ем болалама.
Әлі талай,қуаныш, күлкі болады,
Нәсіп еткей,жеткізсін соған Алла.

Мұңаймағын,қарағын тек алдыға,
Жаман ойды,барлығын артта қалдыра.
Шын сеніммен,өмірге нақты мақсат қой,
Соғады кейде,маңдайдан өмір талдыра.

Орындалсын, әр адамның арманы,
Сәтті болғай,жасаған ісін алдағы.
Тілерім саған,бақыт пен шаттық қана,
Күндей бол елге, нұрын төгер таңдағы!

Авторы: Керімбекұлы Бекжан
Иманға келгін, жамағат!
Бекжан Керімбекұлы
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Иманға келгін, жамағат!

Буырқанып тасығанда жас жаным,
Келеді неге,басқаша өмір бастағым.
Тірімізде, талпынбасақ жақсыға,
Дүние деген, өтеді бәрі қасқағым.

Иманға кеп,бой жазайық бәріміз,
Еселеніп,арта берсін бағымыз.
Тек құдайға, құлшылық етіп өтейік,
Бойдағы күнә, тазарсын деп арымыз.

Біздер пенде,осалмыз неге,нәпсіге?
Болмайтындай жақсы сәт мүлде.
Ерік беріп,еріп кетеміз неліктен,
Күнә деген,балданда не тәтті ме?!

Ия адамдар,азғырмасың шайтанын,
Әрбір істі терең ойлап байқағын.
Істеймін деп,жаман нәрсе біреуге,
Ұмытпағын,артқа қарай қайтарын!

Жайсаң қолды,жая гөр тек Аллаға,
Шүкір ет,жоқ пен барғада,
Атқан күнге, рақмет айтып,сауап қыл,
Жалғыз Алла,ғажабына таңғала.

Ия адамдар, біріңді-бірін құрметте,
Жалған айту,жараспайды үмбетке
Ақыретті,жұмақты ойлап дайындал,
Құранды жатта,намазды қосып міндетке

Ия тірісің, бәрімізде тіріміз,
Жоғалмасын,иманымыз, діңіміз.
Жан тапсырып,қабірге түсіргенде
Жауап айтпай,күрмеледі тіліміз.

Сәтін салып,нәсіп етсін жұмақты,
Жолды салып,жағып берсін шырақты.
Ақыретте, имандыдан болайық,
Абыроймен,өткізіп ап сынақты.

Кірсең болды,жұмағына Алланың,
Сенің мүлде, болмайды екен арманың.
Не ойласаң,алдында бәрі тұрады,
Түсінесің, сынақтың артта қалғанын.

Ия жамағат,діңшілден біздер болалық,
Құстай ұшып,төріне жұмақ қоналық.
Тілімізді, Кәлимаға келтіріп,
Түзу жолдан,адаспайық жоғалып!

Авторы: Бекжан Керімбекұлы
Жайқалған гүл, бақтағы!
Бекжан Керімбекұлы
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Жайқалған гүл, бақтағы!

Сағынып, жүргенімді білемісің,
Жүрегімді Сағынтып жүремісің.
Қолпаштап, сүрінгенде көтерер,
Көңілімнің қолдауы, тіреуісің!

Сен менің, маржанымсың қолымдағы,
Біраз болды, бақытқа шомылғалы.
Өлелгенше, бір болып өтеміз-ау,
Сенің арқан білемін соның бәрі!

Ең алғаш, кездесіп ек біз көктемде!
Өзің жаным, жүрекке гүл еккенде,
Қалықтап ұша бергің аспанымда,
Қанатыңды қаға бер,жүр көктерде!

Сен күнім, жарқырар басымдағы,
Сезімнің, дұрыс-ау тасыңғаны.
Ең бастысы, құрмет пен сыйластық-ау!
Махаббаттың,бұл өзі Асыл заңы!

Бақыттың құшағында болалықта,
Қос ғашықтар шыңына қоналықта.
Түсінбесек, махаббат құдіретін,
Кетеміз-ау,бір күні жоғалыпта?!
Бекжан Керімбекұлы
Қала: Талдықорған
Жасы: 19
Қолжазбалары: 4