Информационная система Книжного дела Республики Казахстан
Поддержка молодых и начинающих авторов
Труды молодых и начинающих авторов
Бибім
Бауыржан Ерғалиұлы
Направление: Культура, искусства
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Уа, Бибім, сен менің бағымсың ба,
Еліктей еркелеген лағымсың ба?
Нитрон мен протон қозғалмаса,
Жүрегімде атом жыр жарылсын ба?
Миымда миллиард ойлар...
Сын сәттерде сыр беріп сағым сынба.
Кешпеп ем мұндай сезім бұдан бұрын,
Мешітке шақыруда жұмаң бүгін.
Жердің өзі теңселіп зорға жүрген,
Бойымдағы көтерер күнәмді кім?
Қанымның от шашуын сізге шашып,
Жанымның тарқатар ма ем құмарлығын?
Жүрегім дүрсілдеуде Мадам! Мадам,
Ноянмын серенада сан арнаған.
Көркіңе Монолиза татымайды,
Бейнеңді Леонардо да сала алмаған.
Сақтаған сырын ішке, ұяң мінез,
Вергилийдай қолыма қаламды алам.
Бауыржан Серікқали...
Бибіге 2
Бауыржан Ерғалиұлы
Направление:
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Уа Бибім, осы күні өрлеген санам шыңға,
Теңемеймін өзімді жарамсызға.
Шың басында тапталмай қалған қардай,
Аппағым-ау, Сіз бұл күн амансыз ба?
Сізді амалсыз қаттырақ сағынамда,
Мойыныма жыр қамыт тағынамда.
Кейде рас, тағдырға налалы боп,
Өткенді айтып Құдайға шағынамда.
Сағынышпен ерттеп ап, қыл қаламды,
Шешкім келіп бір сәтте шырғалаңды.
Темір жолға зер салып қарай қалсам,
Санадағы ой сан-саққа бұрмаланды.
Қалай өзі, сен, мені сағындың ба?
Сағынышпен ғұмырға бағындың ба?
Түн көрпесін жамылып, ай астында,
Бой бердің бе, мені ойлап лағыл жырға?.
Бауыржан Серікқали.
Өмір
Бауыржан Ерғалиұлы
Направление:
Язык рукописи: На русском языке
Электронный вариант рукописи:
Жүргенде көп адамдар шатақ қылып,
Қайтемін қысқа өмірде атақ қуып.
Ғұмырдың У шарабын ішіп талай,
Сайтанға сыр ашқанмын тақап тұрып.
Дүние алма-кезек ауысқанмен,
Қатарласып ұшпағам сауысқанмен.
Мына ғұмыр барлығын өзі шешкен,
Болмайды екен тағатты тауысқанмен.
Қара түн жын-ойнақпен қатар жүріп,
Ішінде ойнас қылған жатар былық.
Түн ауып, кетекеннен соң моп-момақан,
Түк білместей арай таң атар күліп.