Информационная система Книжного дела Республики Казахстан
Поддержка молодых и начинающих авторов
Труды молодых и начинающих авторов
Зеренді
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Суық жел тербеп,
Толқынды ұрды жағаға.
Көпіріп көбік,
Аппақ боп сырғып арада.
Отырмын мен де,
Шабыт кеп қысып жағада.
Тауларын биік, түрленген жұмбақ секілді,
Жаңғырық маған құпия сырдай естілді.
Ағаштар берген көрікті айту мүмкін бе?
Мен кетем бүгін, көремін сені түсімде,
Зеренді мекен, жаныңды баурап алатын.
Білдірмей ғана құлаққа сырға тағатын,
Бір көрген адам,
Ғашық боп мәңгі қалатың.
Махаббат дейсің...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Махаббат дейсің,
Сол махаббат шын бар ма?
Жазылатын жырларда.
Махаббат дейсің,
Тербеді ме жаныңды?
Бересін бе барыңды,
Ал, махаббат шын делік...
Жазайын мен күнделік,
Сүйе білдің бе?
Үндемейсің...
Сүйем дедің ант бердің,
Қызын алдың жат жердің.
Сол қызды аяладың ба?
Әлде ұрып, аямадың ба?
Махаббат дейсің...
Көрсет кәне махаббатты,
Бір кезде сүйген қызын ғой.
Көрсетпе сен жаман атты,
Ата-анасы, бағып -қақты.
Той жасаймын деп барын сатты,
Уайымдап күні -түні .
Екі жас бақытты болсын деп таңы атты,
Махаббат дейсің...
Жарым деп сыйладың ба?
Ішіп келіп қинадың ба?
Жаным деп ең болмаса гүл сыйладың ба?
Махаббат дейсің...
Онда бол сертке берік,
Көрейік тағы сеніп.
Имантау
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Берген екен табиғатты жаратқан,
Ағаштар да көк аспанмен таласқан.
Сұлулықтан бас айналып, мас болып,
Ну орманда,айғай салып адасқам.
Биік -биік таулары бар көрінген,
Кешке таман жел ызғары сезілген.
Неткен бейне! Неткен сұлу табиғат!
"Имантау" деп қойылыпты ғажап ат,
Көз алмаймын көлдеріне қарасам.
Толқын болып жағалауда таласам,
Сенің әсем табиғатын керемет,
Мен өзіңді хас сұлуға баласам.
Жұмбақ Бурабай
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Бурабайдың жұмбағы,
Ашылмаған тереңнен.
Сол жұмбақты көруге,
Аңсап келем жылда мен.
Қарағайдың ішінде,
Жұмбақ тастар қаланған.
Бұл жұмбақты көруге,
Адамзатта жаралған.
Нөсер жауып бір сәтте,
Жапырақтар тазарған.
Күннің көзі аймалап,
Еркелеген сәулесі.
Ғажап сұлу табиғат,
Таң қалмаған жан бар ма?
Көру керек ғажапты,
Өтпеу үшін арманда.
Бас имеген қазақ едік ешкімге
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
" Алтын Орда " жарты әлемді билеген,
Бас имеген қазақ едік ешкімге.
Уәде берсе, айнымайтын сертіне,
Өзгергендей әсер алдым бертінде.
Хан бастаған өз әскерін жорықта,
Батырлары бас алам деп алқынған.
Дуылғасы жылт-жылт еткен алтыннан,
Қазақ едік ақылдасып шешетін.
Атқан оғы жау қамалын тесетін,
Жекпе-жекте жер қылатын жауларын.
Бір сөзбенен шешіп кетер дауларын,
Бас имеген қайран менің бабам -ай !
Өте шықты өмір деген жалған -ай!
Мақтан тұтам менің батыр бабамды,
Кен байтақ қып тастап кеткен даламды.
Қазақ едік қонақ қарсы алатын,
Жібек шапан оюлатып жабатын.
Енді қазақ қандай болып өзгерді?
Өзгергенді көз көрді,
Баян қайда кешегі ?
Қазіргілер омырауын шешеді,
Қозы Көрпеш қазір бар ма әлі де ?
Отыр әне, көзін бояп желіде,
Қазақ қайда барасың?
Кім жазады жарасын?
Қазақ болғым келеді, қазақ болғым...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Ұлттық киім үстімде бабам киген,
Жұбайым да жанымда өзім сүйген.
Қазақ болғым келеді ат мінетін,
Жауларына тік қарап, тік жүретін.
Қазақ болғым келеді туған жерде,
Қазақ болсаң қайтеді бауыр сен де?
Ана тілде сөйлейтін,
Арын сата бермейтін.
Азғырғанға көнбейтін,
Туған жерін өлсе де.
Жауларына бермейтін,
Қазақ болғым келеді "Көкпар" тартқан.
Қазақ болғым келмейді елін сатқан,
Салт -дәстүрді сақтайтын қазақ болам.
Тырысамын мендағы енді соған,
Мен қазақпын сарқыты бабалардың.
Мен қазақпын ұрпағы тектілердің,
Мен қазақпын сынығы батырлардың.
Қала салып, кезіңде егін еккен,
Жайлауда малын жайып.
Қазақпын мен қалайша жасырамын ,
Аруағына бабамның бас ұрамын.
Қазақ болып келген соң мына өмірге,
Қазақ болып қаламын жасырмадым.
Тек, қазақ деп соғады менің жаным,
Менің жаным.
Тек, өзіңсің қазағым менің бағым,
Менің барым.
Жүріп келем...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Жүріп келем, жүріп келем,
Әйтеуір бұл өмірді сүріп келем.
Келген соң бұл өмірге амал қанша !
Жымиып өз-өзіммен күліп келем,
Тоқтамай жүре берем соқпақпенен.
Тоқтамай жүре берем тоқпақпенен,
Бір ысып бір суыды менің денем.
Ізім қалды артымда ашылмаған,
Мінезім бар әлі де басылмаған.
Шеге басып табаным қан болғанда,
Жарам қалды артымда жазылмаған.
Қарамаймын артыма өсегі көп,
Көреалмайтын достардың дерегі жоқ.
Ұнамаса оқыма, шын айтамын,
Керегі жоқ, керегі жоқ.
Жырларым бар әлі де жазылмаған
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Жырларым бар әлі де жазылмаған,
Сырларым бар әлі де ашылмаған.
Шабытым бар әлі де шарықтайтын,
Арман құстай көгінде қалықтайтың.
Жалыным бар әлі де шарпымаған,
Сол жалыннан от алып мен де жағам.
Мінезім бар әлі де басылмаған,
Бәрібір мына өмірге ғашық балаң.
Жүрегім бар іздейтін адамзатты,
Өлендерім вулкан боп тағы атты.
Жазылмаған жырларды енді жазам ,
Ашылмаған сырларды енді ашам.
Береалмаған махаббатты енді берем ,
Жете алмаған туысқа енді жетем.
Жауларымды бүгін мен енді кешем ,
Шешілмеген түйінді бүгін шешем .
Жырларымды жазамын махаббатпен,
Жырларымды жазамын аманатпен.
Жырларымды қалдырам ұрпақ үшін,
Інім, енді бұл жырды ұғып түсін.
Ұлыларға тағзым !
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Абай жазған өлеңді ақыл -оймен,
Мұқағали, сырлы оймен.
Мағжан жаған өлеңді -сезімдермен,
Ал , Төлеген мәржан сөзден өлең өрген.
Жамбыл да патриоттық рухын берген,
Ыбырай атамыз да біліп жазған.
Білім нәрін өлеңге құйып жазған,
Сәкен жазған өлеңді тамсандырып , таңқалдырып.
Мұхтар жазған өлеңді мысалдармен,
Түрлендіріп отырып амалдармен .
Қадыр жазған өлеңді қасиетпен,
Ұлыларға еңкейіп бас ием мен.
Олжас жазған өлеңді ойландырып,
Түркі әлемін сілкінтіп толғандырып .
Махамбеттер өлеңді отпен жазған ,
Сол жалыннан жазылған өлең қалған .
Мен жазамын өлеңді жүрекпенен,
Сол жүректен сығалап үміт көрем.
Ұлылардың соңынан еріп келем,
Бұл кім,-десең ағайын Берік,-дегең....
Мүмкін шабам , мүмкін қалам шаңын жұтып,
Өлең жаздым шабыт қой мені түртіп.
Отырмекен ағайын өлең күтіп,
Шабытымды көресіз шапқан сайын,
Беу,- десеңіз шабуға балаң дайын .
Балаларға базарлық!
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Детская литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Ұстаз -әке,
Ұстаз - ана балаға .
Білім нәрін құйған біздің санаға,
Құтты болсын мерекеңіз ұстазым .
Өзіңменен өтеді ғой қыс -жазым ,
Тәрбиенің бастауы да өзіңіз.
Сипап бастан , айналайын дедіңіз,
Күлімсіреп күлімдеген көзіңіз.
Біз мектепке келген кезде асығып ,
Сіз тұрасыз құшақ жая ашылып.
Жан аямай білім берген біздерге,
Рахметті біз де айтамыз сіздерге.
Денсаулықтың ең мықтысын тілейміз,
Сөз береміз,біз білімді маңдай термен күрейміз.
Мен Мұхтар да емеспін Абай да емеспін...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Мен Мұхтар да емеспін Абай да емеспін,
Дарынсыз да емеспін.
Ұлылардың жанында бір елеспін,
Құр алақан емеспін.
Жыр жазамын қабілетім жеткенше ,
Күш қуатым ой өрісім (жеткенше)біткенше.
Абай атам айтқандай тыңдадым мен кеңесін,
Өзіме тиер үлесін.
Мұхтар ағам айтқандай,
Қазақпын мен кең маңдай.
Жырларына қанықпын мен ұлылардың,
Ұлыларға еліктеп жыр арнадым ,
Бұдан басқа ешнәрсе жаза алмадым .
" Димаш"
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Димаш інім жарадың сен жарадың,
Міне менің мақтан тұтар қазағым.
Елде жүрдің қадірінді білмедік,
Шын айтқанда жас бала деп сенбедік.
Қытай асып дәлелдедін өнерді,
Өнерінді әлем көрді, көз көрді.
Қытай сені мойындады дарын деп ,
Сен де айттың өлеңінді жанын жеп .
Әлемге сен таныттың ғой қазақты,
Қанша қазақ көрсетсе де азапты .
Димаш інім осы жырды бір өзіңе арнадым ,
Бауырым -ау биіктерге самғадың.
Көргім келеді (келед) сені биік шыңдардан,
Қолың жетпес биік -биік құздардан.
Тоқтама сен тоқтап қалма ел үшін,
Қазақ үшін, өзін үшін,мен үшін.
Ата -баба салт -дәстүрі,жері үшін,
Сен керексің қазақ үшін дәл қазір.
Қазақ керек сен үшін де оны біл,
Димаш десе қазақ дейді әлемде ,
Ол қазаққа баға жетпес мәртебе.
Байтайлақ батыр
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
"Қаракөк" тұлпар астында ,
Он үшке келген жасында .
Отан үшін жан пида ,
Қатарласып әкемен.
Тізгінді қолға алады,
Сол шапқаннан мол шауып .
Жауларға қолың салады ,
Туды биік көтеріп.
Ұмтылып алға шапқанда,
Жаулары қашты бытырап.
Шолпыдай сауыт сытырлап,
Ержүрек еді бабамыз.
Жекпе-жек шығып жаулармен,
Найзасын төмен қадады.
Туын да төмен түсірмей,
Үмітін елден бір үзбей.
"Алашым " деп ақырып,
Қаһарын төкті жауына .
Ел қорғаған -Байтайлақ,
"Аруақ" деп шапты айғайлап.
Тұғыржаппен жекпе-жекке және шықты,
Жауының келбеті де сондай сұсты.
Жекпе-жек, жекпе-жек деп айғайлап сарбаздары
Найзасын жерге ұрды оң қолдары .
Атақты батыр еді Тұғырап та ,
Жүретін әркез алда , ылғи сапта .
Қазақтың Байтайлағы сөз дес бермеді,
Қылышын оңды -солды тез сермеді.
Найзалы екі батыр тіреседі,
Қалқанмен қалды сермеп , күреседі.
Найзасын қақ сындырып біздің батыр ,
Қылышпен басың кесті,әнекей жерде жатыр .
Қазақтың Жәнібегі әркез жанда ,
Тізгінді беріп тұрды анда -санда .
Жауларын талай қуып туған жерден ,
Батасын алған екен туған елден.
Туған ел құрметтеді асылын да,
Беделі асып жатты елден елге.
Тамды ғой қасық қаны туған жерге ,
Туған ел ұмытпайды батырларын ,
Ұрпағы оқысын деп жаздым бәрін.
Сұлу қыз
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Сұлусың сен оған бар ма таласым,
Көз алмай мен қос жанарға қарадым .
Мен өзіңді раушан гүлге баладым ,
Жоқ қой менде одан басқа амалым .
Қолаң шашың жазылғанда Жайықтай ,
Кірпіктерін қиылған ғой қайықтай.
Екі бетін апортындай алманың,
Мен өзіңе көзім талмай қарадым.
Неткен бейне,неткен сұлу мүсін деп,
Аз да болса жымиып бір күлсің деп.
Сұлулығын сиқыр әлем сияқты,
Турасынан қойып тұрмын сұрақты.
Сұлулықтан,қанша жігіт құлапты ?
Көз тоймайды қарасам мен бейнене,
Сыймай тұр ғой анарын да кеудеңе .
Берген екен ұзын бойды өзіңе,
Қарап жүр ғой талай жігіт көзіңе.
Қолаң шашың желбірейді желменен ,
Талай жігіт тек өзіңді көздеген .
Сұлу қыздың тек жүрегін сезбеген,
Махаббаттың баянына сенбеген .
Қоштаспадым
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Қоштаспадым, қоштаса да алмадым ,
Соңғы рет қимай қарадың.
Әттең- әй, әттең,
Таппадым басқа амалын .
Ішімнен тынып ,үндемей кетіп барамын,
Соңғы рет мен де қарадым .
Быт -шыт қып бұзып,
Әдептің соңғы қамалын .
Болсаңшы басқа амалым ,
Қиыла қарап ,күйдірді -ау .
Сенің жанарың,
Жанарың, жанарың.
Жаныма емді,
Қалайша ,қайдан ,табамын ?
Өзіме ғана ,өзіме ғана,
Обалым.
Алғаш көріп өзіңді...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Культура, искусства
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Алғаш көріп өзіңді,
Мас болдым ба ,білмедім.
Қарай,қарай өзіңе,
Кірпік қағып күлмедім.
Жүрегімді жаулаған,
Неткен сұлу қыз едің!?
Аппақ мойын , қыпша бел ,
Бидай өңді сұлу бет .
Алтын сырға сылдыр ет,
Ұзақ талмай қарадым.
Кірпіктерді санадым ,
Мөлдіреген қап -қара .
Ботакөздей жанарың,
Аш белінен құшақтап.
Құмарымды бассам ба ?
Қызыл ерін шиедей,
Тәбетімді ашсам ба?
Бұл сұлуды ойланбай ,
Әлде алып қашсам ба?
Әй, болмайды бірақта,
Дір -дір еткен саусақты.
Сүйіп -сүйіп алайын ,
Ең болмаса бұл қызға.
Күртешемді жабайын ,
Алғаш көріп өзіңді.
Ғашық болып қалдым ба ?
Тек, маңдайдан иіскедім,
Басқа жерге тиіспедім.
Соғып тұрған қос жүрек ,
Не дер екен ?
Білмедім,әй білмедім.
Ұмытшы бәрін қалқатай!
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Қинадың әбден жаныңды,
Бұл өлең саған жазылды .
Ұмытшы бәрін қалқатай,
Ұмытшы бәрін түсінем.
Мен деген сері жігітті,
Табасың көптін ішінен.
Сезімге бойын беріліп,
Моншақ боп жасың төгіліп.
Жауабы болмай сезімнің,
Жабырқау, жалғыз көріндін.
Тағдырын болса тал ғұмыр,
Табанның асты жер жұмыр.
Кәнекей көтер басыңды,
Кірпікке тамшы асылды .
Жауапсыз болса махаббат,
Көрсетпе жұртқа жасыңды .
Айтпашы маған мұңынды,
Жел тұрып көйлек түрілді.
Ертең -ақ күліп кетерсің,
Сезімге байлап сырыңды .
Ұмытып бәрін тезірек,
Ұмтылып талдай жарыққа.
Аспанға биік самғаған,
Қарлығаш қанат қалықта.
Естіші қалқам сен мені,
Ешқашан енді жабықпа.
Айнұрға...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Бүгін сенің туған күнің жан жарым,
Бұл өмірдің дәмін татшы,бал дәмін.
Өмір бізге берген екен мүмкіндік,
Бұл өмірде бір ренжіп бір күлдік.
Тағдыр бізді қосқан екен тағалап,
Махаббатты біз өтейік бағалап .
Бүгін мейрам , дүниеге келген күн,
Қазағыма бір қызды да берген түн.
Атын сенің ай екен нұрға толған ,
Мәңгілікке өмірде қорған болған .
Жұмысына берілген адамсың ғой,
Өлең жазбай жай кетсем маған сын ғой.
Ақындықтың ұшқының қайрап жаққан,
Аламанда жаратып, үкі таққан.
Қолдап жүрсің сен мені қиналсан да,
Қолдап жүрсің сен мені қуансаң да .
Денсаулықтың ең мықтысын тіледім,
Құдай жасса қасында мен жүремін.
Біз жеңіске жеткен кезде бірігіп,
Піскен шие жерге түсер үзіліп.
Өмір жауын , өмір жалын өткінші,
Қолдайтын жан жаныңда жүр сен білші.
Балаларға базарлық!
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Детская литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Қара қозы !
Қара қозы, қара қозы,
Мөлдірейді мөлдір көзі.
Еркелейді, секіреді,
Тұяғымен жер тіледі.
Машина
Машинам бар ,
Мен ойнаймын .
Қой десе де мен қоймаймын,
Өйткені мен баламын ғой,
Бұл ойынға еш тоймаймын.
Кітап
Мен баламын ,баламын ,
Кітап бетін қарадым.
Бір,екі, үш деп,
Әрбір санды санадым .
Ә, ғ, қ, деп ,
Әріптерді жазамын .
Қуыршақ
Қуыршақпен ойнадым ,
Еріндерін боядым.
Көпқой менің қиялым,
Шаштарын да қиямын.
Балаларға базарлық!
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Детская литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Аяз ата
Аяз ата келеді,
Тәттілерін береді.
Тақпақ айтам жаттап ,
Ән шырқаймын аздап .
Шырша
Біздің үйде шырша бар .
Әп-әдемі, сүйкімді,
Жылт -жылт етіп жанып тұр,
Көздің жауын алып тұр.
Далада
Аппақ қарда сырғанаймыз шанамен,
Беттеріміз қызарады алмадай .
Таза ауада демаламыз, ойнаймыз,
Бұл ойынға ешқашан біз тоймаймыз.
Балаларға базарлық!
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Детская литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Әжем менің алтын ғой,
Кәмпиті бар қалтада.
Әжем үйге келгенде,
Қолды салам қалтаға.
*********
Алақаны анамның,
Ыстық маған күңнен де.
Айналайын дегені ,
Жүрекпен қалап сүйгені.
********
Әке деген тірегім,
Әкем -ау деп жүремін.
Әкем қатты болса да ,
Жақсы көреді білемін.
***********
Атам отыр ортада ,
Маңдайымнан иіскеді.
Қолың жайған біздерге,
Ақ батасын береді.
Ақ ниетпен атамыз,
Тек,жақсылық тіледі.
Балаларға базарлық!
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Детская литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Қуыршақ
Мен де бар қуыршақ,
Шаштарын мен тараймын.
Көздерін мен боядым ,
Аты оның " Арайлым".
Ақын Бауыржанға
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Туған күнің құтты болсын Бауыржан!
Поэзияның сиқыры мен ауырған,
Бауыр болу ол әрине тамырдан,
Ақын болу ол әрине дарыннан.
...Ойлаңдар ,достар !
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Культура, искусства
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Ойлаңдар ,достар !
Өнерде "Жарыс " болмайды!
Өресі жетпей,
Күндестік қылған оңбайды.
Өнерің жетіп,
Өсе алмай қалсаң, сол қайғы...
Күнде таласқан.
Өнерің өнер болмайды!!!
16желтоқан 1974жыл...
Мұқағали Мақатаев.
Өнер жайлы Мұқан айтқан шегелеп ,
Шыныменен талас бұған не керек ?
Әр ақынның өз биігі болады ,
Таңдап алар өз ақының қоғамы.
Жаза берсің өлеңдерін төпелеп,
Шын жүйрікке тұсау салу болмайды.
Халық өзі үкі тағып қолдайды,
Көре алмаған әріптесі ақынның,
Шаның жұтып, өз -өзімен тулайды.
Берік Жомартов
Сезімді айтам...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Сезімді айтам,
Айтпай -ақ бәрі сезілген.
Жүрегін сыздап,
Моншақ боп тамшы тізілген.
Көргенде өзің,
Кірпігін қорқып дірілден.
Шаштарын желмен өрілген,
Сезімді айтам...
Айтпай -ақ бәрі белгілі,
Көзіне - көзін түскенде.
Басалмай ыстық сезімді,
Екі жас ұзақ шыдамай.
Лаулаған отқа көмілді,
Саусақпен -саусақ айқасып.
Кірпікпен -кірпік шайқасып,
Ерінмен -ерін дауласып.
Шашымен шашы аралас ,
Қараған адам шыдамас .
Жә, жалғасын айтсам жарамас ,
Махаббат, сезім аралас .
Жарасып тұрған екі жас,
Жаратқан өзін бағын аш .
Бір адам бар ...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Культура, искусства
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Бір адам бар сені мәңгі сүйетін,
Бір адам бар сүрінгенде күлетін.
Мың адам бар тілек тілеп тұратын,
Тек,біреуі іштен тұзақ құратын.
Адам , адам ,тұра алмайды көреалмай,
Ағайынға сұрағаның бере алмай .
Адам ,адам , өмір жалған ,
Адал адам , ол бір арман .
Бір адам бар еңсеңді көтеретін,
Шақырсан тез келетін.
Бір адам бар сыртыңнан сынап тұрып,
Көзіңше бірақ күліп.
Өсекпен, айбат сөзбен,
Сен жоқта жек көретін.
Бір адам бар досын сатпайтұғын,
Көзіңше айтпайтұғын.
Бірақ та сені қорғап,
Үнемі ақтайтұғың.
Жалаңаш ағаш
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Жалаң ағаш,
Жалаңаш адам сияқты.
Жапырақ түсіп ,
Ұмытқан ар мен ұятты.
Жалаңаш ағаш, жапырақ күзде қураған,
Табиғат өзі көктемде көрік сыйлаған.
Жалаңаш адам,жүректе иман болмаса ,
Адамды сыйлап , адамға пайда қылмаса .
Өнерден жеріп, өсектен болса айтқаны,
Арағын ішіп, төсектен болса қайтқаны.
Тәрбие ақсап, адамдық кейпін жоғалтқан,
Өтірік айтып , жаламен досың ол сатқан.
Жалаңаш ағаш жанымды менің жылатты,
Көктем де келіп , көңілді міне жұбатты.
Табиғат өзі бейнелеп берген жер бетін,
Жапырақ болмай , әне тал тұр ғой тұл жетім.
Ағаш та тірі мұңайып маған жылаған,
Майысып барып бұтағы сынып құлаған.
Арада үміт, көгерем деген ниеті,
Шыдаса аздап ,құлпырар әлі келбеті.
Жалаңаш адам, жалынам, жапшы арыңды,
Көрсетші елге, мейірім төгіп барыңды .
Махаббат
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Бір көргеннен ғашық болдым өзіне,
Сөзіне,көзіне.бал бұралған беліне.
Қолаң шашың құлпырып тұр күмістей,
Ғұмырына бір келетін үміттей.
Табиғатың қандай нәзік қарындас ,
Бір жігіттің мәңгілікке бағын аш.
Сұлулықты ақылына жеңгізіп,
Бақыттысың бақытынды бағала.
Табиғаттың бақшасын бір арала,
Бақытсыздың бақшасына жолама.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Атақ , абырой термек үшін.
Мен жазамын өлеңді елім үшін,
Ыза ,кектен күйіп ішім.
Жазамын мен өлеңді тілім үшін,
Жастар тілімді білу үшін.
" Алтын адам "
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Культура, искусства
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Кім айтты қазақта мәдениет болмаған деп,
Талай бізді кезінде қорлаған кеп.
Қазақтың мәдениеті " Алтын адам " ,
Кезінде бар әлемді таңқалдырған.
Алтынмен аптап кеткен, күміспен қаптап кеткен,
Мықты ғой бабаларым, саф алтындай паналарым .
Биік қой саналарын , ақылғой даналарым,
Алтын адам әшекеймен қапталған.
Алтын,жаhұт тастарменен апталған,
Мақтанам мен қазақпын деп шаттанам .
Қазақтықтан сақтанғаннан сақтанам,
Қазақ біздің қалада да тұрған ғой.
Биік -биік қорғанды да құрған ғой,
Хан сарайы қайдан келді әйтпесе?
Қазақ тұрған Отырардың төрінде,
Уәде берсе, уәделескен сөзінде.
Өнер болған, ғылым болған кезінде,
" Алтын адам "қайдан шықты көрдің бе ?
Бабалардың бәтуә бар сөзінде,
Бабаларым бәрін білген кезіңде.
Ауылымның орныңда төмпешік бар
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Культура, искусства
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Қайраң ауыл сақтап сені қалмадық,
Өзімізді құрғақ шөппен алдадық.
Ауылымның орнында төмпешік бар,
Еске түссе ауырып ,жүрек сыздар .
Алтын бесік ауылым қиялдасың,
Төмпешікке сені қалай қия аласың?
Ер жігіт боп жүрген соң шалбар киіп,
Шын айтқанда, ауылым жоқ деп айтуға ұяласың.
Жыр жаздым мен жүрегім қиналғасын,
Шындық айтып , шырылдап жүргенім хақ.
Жерлестерге жүрегім әрқашан -ақ,
Өткен істін артында сөз қалады .
Жүрек шіркін, қиналып долданады,
Өткен өмір қайта келмес біздерге.
Аман болшы, жерлестерім, сіздер де,
Ұмытпашы інім енді ауылды .
Міне,жүрек шаншып барып ауырды ,
Естелік боп , қалсың мына жырым да .
Сағынышым қаламсаптың ұшында,
Көзашарым қиялымда қаласың,
Естелік боп жүректерден мәңгі орын табасың.
Ақын інім, Азамат Жанатұлына арналады.
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Табиғаты ерекше туған бала,
Көшбастады әрқашан жеке дара.
Бар өнерді бойына жинап алып,
Жырларымен жұлдыздай болды жарық.
Ақын інім, жерлесім, дарын еді,
Жан аямай халқына бәрін берді.
Жырларын бар жазылған мәңгілікке,
Халқым енді ол жырдан күдер үзбе.
Ақын жолы ауыр жол сынағы көп,
Ақыл айтып, сынайтын адамы көп.
Азаматсын шыңында Азаматсын,
Талай жырдың өмірде бағын аштың.
Білім қудың өмірде ғылым қудың,
Тұлға болып Отанға жеке тудың.
Енді жазған жырларын мәңгілікке,
Ақын болып туады табиғаттан.
Мен ақынмын дегендердің бәрі жаттан,
Өлеңдерін елге деген сағынышын.
Өлең жаздың аяулы халқын үшін,
Жас ұрпаққа қалдырдың асыл мұра.
Берік Жомартов.
Үмітпен жүрем...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Үмітсіз адам,
Шайтанға оны теңейді.
Үмітпен жүрем,
Үкілеп таққан тұлпардай.
Шабытым қатты,
Баяғы бабам сақтардай.
Үмітті үзбей сезімге бойды алдырам,
Болашақ үшін жастарға өлең қалдырам.
Үмітім менің үзілмей өтші өтінем,
Шималап өлең жазылды бүгін шетінен.
Үмітім барда өнерге мен де берілем,
Үмітсіз жүрген жастарға үміт сыйлашы.
Өйткені өмір, үмітсіз мүлдем тым ащы,
Үмітпен жүрші, оқысаң мына өлеңді,
Үмітті қосып, көрсеттім мен де төбемді.
Берік.
Ауылға бардық...
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Әкеммен бардық,
Ауылды біраз аралап.
Ауылда жүрдік,
Өткен мен кеткен саралап.
Қайтейін енді,
Өткенді мен де қаралап.
Ойланып тұрып балалық шақты еске алып,
Кеудем де менің лаулаған оттай тұр жанып.
Төмепшік болған ауылға мен де қарадым ,
Көргендей болдым елесін ауыл баланың.
Ауасын жұтып даланың,
Ауылға ұзақ қарадым.
Біздің үй қайда?
Табалмай біраз қиналып,
Ағаммен бірге айналып біраз ауылды.
Жауын да жаумай көтерді мына дауылды,
Тоқташы аға...
Табылды біздің үйіміз,
Ағаммен бірге қуанып.
Әкем де көзге жас алды,
Осы үйде тұрдық.
Балалық шағым басталды,
Ауылға деген сағыныш аздап басылып.
Әкем де тұрды көз жасын сүртіп жасырып,
Ауылға бардық, қоштасып кеттік ақырын,
Әкем де отыр қысқандай атта тақымын.
Берік.
Бұлбұл мен әтеш
Жомартов Берік Базарбайұлы
Направление: Художественная литература
Язык рукописи: На казахском языке
Электронный вариант рукописи:
Бұлбұл мен әтеш . Басня. Мысал .
Дос еді бұл заманда бұлбұл, әтеш,
Табиғаттан берген екен дарынды.
Бұлбұл шырқап қошеметке малыңды,
Күңнен күнге сұлуланып ажары.
Әтешке де жылы көзбен қарады,
Дос боп жүрген бұлбұл, әтеш расында.
Сыйластықпен табысқан дос басында,
Күңнен күнге бұлбұл барын салады.
Әтеш болса қызығумен қарады,
Мақтанады досым әнші болды деп.
Бақыт құсы өзі келіп қонды деп,
Көре алмады қарға, торғай, сауысқан.
Лас сөздермен сырттан өсек жабысқан,
Бұлбұл емес бұл әтештің еңбегі.
Азғырумен әтешкеде жарысқан,
Неге бұлбұл ?
Сен шырқайтын жөнін бар,
Дауысын да керемет!
Таң да атар сенімен,
Күн де батар сенімен.
Бас айналып, көз кетті,
Әтеш сеніп селт етті.
Неге бұлбұл?
Мен де әнді айтамын,
Мақтағандай достарым.
Әлем шарлап қайтамын,
Деп қораз да ақырды.
Сөйтіп таңды шақырды,
Қатты шыққан дауыстан.
Тамақта жара ашылды,
Ақымақ болған әтеш те.
Тек қорада бақырды,
Досы келді қасына.
Сұлулығын жасыра,
Әй, досым - ау , қайтейің!
Мақтағанға тасыма ,
Мықты әнші болар ең.
Тағдыр салған басына,
Көтересін салмақты.
Енді досым жасыма,
Қызғаныштан көздерін.
Жабылды ма, білмедім,
Айтақтаған дұшпанға енді мүлдем сенбегін.
Өз ақылын басында, ендігәрі ермегін,
Содан бері әтеш те.
Ән салады қорада,
Осы мысал болсыншы.
Ой, түрткі боп санаға,
Тәрбиені біліммен,
Берейікші балаға.