Қазақстан Республикасының Кітап ісінің ақпараттық жүйесі
Ғылымға апарар жол
Ғылымға апарар жол
1 шілде күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен еліміздің жоғары оқу орындары арасында жасалған ғылыми-зерттеу жөніндегі меморандум аясында кеңейтілген ғылыми зертхана өз жұмысын бастады.
Аталған зертхананың басты мақсаты — мектеп оқушылары мен студенттердің ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамыту, шалғай ауыл мектептерінің ғылымға құштар оқушыларын қолдау, сондай-ақ олардың заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті, білімді әрі өнерлі азамат ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл бастама – ұлттық ғылым мен білімнің дамуына жаңа серпін беретін игі қадам. Жас зерттеушілерге арналған алаң – ғылыми жобалармен айналысуға, тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды іске асыруға үлкен мүмкіндік.
Кітапхана қабырғасындағы бұл жаңа бағыт – білім мен ғылымды интеграциялау жолындағы маңызды кезеңдердің бірі.