Бұл өмірде шаттық қана орнаса,
Қуанышты толық қанды сезбес ек.
Егер мүлде өлім-жітім болмаса,
Жерге сыймай, хаосқа еш төзбес ек..
Қарапайым кедей кісі болмаса,
Жұмыс жасар адам қалмас, сеземін
Білесіз бе? мінсіз өмір далбаса,!
Мəнсабіне қызықпайық өзгенің...
Мінсіз өмір жоқ екен ғой, далбаса!
Байлардыңда өзіндік бір мұңы бар.
Сырласып көр, уайымдарын ал аса,
Керек болар ,құпиясын біліп ал...
Басымызға ешбір сынақ келмесе,
"Шүкір"демей, ашкөз болып өтер ме ек.
Жақынымыз "жақсы көрем "демесе,
Мейірімсіз , жатбауыр боп кетер ме ек.?
Жер бетінде тек мейірім орнаса.
Əділдік пен аты шулы заң қайда?!
Зорлық қылып, егер біреу тонаса,
Тек кешірім жасай беру болмайд(ы) ə?!
Қателікке еш кешірім болмаса,
Кектенем деп қырып , бəрін жояр ме ек?!
Құдайдан еш шіміркену болмаса,
Қолымызды қызыл қанға бояр ме ек.?!
Адамзатым Құдайына сенбесе,
Ішім сезед(і), жыртқыш аңмен теңесер!
Махаббатсыз, еш сезімсіз күн кешсе,
Жүрегінен жылу емес ,сыз есер...
Егер, егер, шын махаббат болмаса,
Құштарлық жоқ, сүйем сені демес ек.
Пəк сезімді аяламай, қорласа,
Біраз пенде бұл өмірге келмес ек...
****
Не айтпақсың-дейсіз білем бұнымен...
Бақыладым ,біраз нəрсе көрдім мен.
Өмір заңың өзгертуге келмейді,
Жаратушы реттеп қойған орнымен.
"Күзгі элегия"
Жулдыз Сулейменова
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
"Күзгі элегия"
Алтын түстес барлық қала, атырап
Қыркүйекте жерге түсті жапырақ
Күз мезгілі шабыт беріп ақынға,
Элегия мен тəтті мұңға батырад(ы)
Еске алумен өткен ,кеткен шактарды
Араладық тұнжыраулы бақтарды
Күз дейтұғын жабырқаулы кəрі қыз
Іште жатқан сары мұңды ақтарды
Романтиктер көп ойлаумен ғашығын
Журегіне бейнелейді асылын
Ал ақындар ешбир жанга білдірмей
Суйгеніне өлең жазды жасырын
Суретшілер пейзаж арнап күзіне
Табиғатқа көп телмірді үзіле
Өзі салған картинаға разы боп
Қуаныштан қан жүгірді жүзіне
Жақсы жаққа өзгергендей əлемі
Музыкантың əсем шықты əуені
Көпшіліктің жүрегінде шаттық бар,
Талай ағаш мұңайса да мəуелі
Күзім сізге ғашықпыз ғой бəрімңз
Көз тартады күрең түсті əріңіз
Құбылмалы жауратсада мінезің,
Ғажапсыз ау сырға толы кəрі қыз
" Күзгі мұң"
Жулдыз Сулейменова
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
" Күзгі мұң"
Бір сағыныш келіп жетті күзбенен.
Біраз бопты тілдеспеппін сізбенен.
Арамызда əлсіз болып махаббат,
Романтика қош айтысты-ау бізбенен.
Күзгі мұңды жинап алып бойыма .
Өлең үшін түсірем сені ойыма.
Өмірімде ешкім болмай кетсеңде,
Поэзиямда қала берші,жойылма!
Асқақтаусың, биік өскен шынарсың.
Үнсіз жүрсің , ұмытқанда шығарсың.
Сен өзінше мықтымын деп жүрсеңде,
Мына өлеңді оқығанда жыларсың.
Алыс жүрсің, жеткізбей ме қадамың
Өзің жайлы жазып жатыр қаламым.
Саған бірақ əсер етпейд(і) білемін,
Намысы бар, жүрегі жоқ адамым.
Баяғыдай жалын жоқтай көзіңде.
Салқындық бар білінбейтін сөзіңде.
Сені мүлде танымайды екенмін,
Арманыма айналған жан өзің бе?!
Күзгі мұңды неге жидым ішіме?!
Шабыт келді ескі сезім күші ме..?
Жүрегімді мазаламай тыныш жүр,
Өтінемін кірме енді түсіме...
Ана махаббаты
Жулдыз Сулейменова
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
"Ана махаббаты❤"
Қатал өмір біразын қинап, қыстап тұр.
Əр адымда небір қу мен мыстан тұр.
Қатыгездік өршіп кеткен заманда,
Тек махаббат жердің бетін ұстап тұр...
Өмір осы қаза берсең мұңы көп.
Көп сөйлесем кетпеймін ғой құнды боп.
Бар ғаламды ұстап тұрған құдірет,
Махаббаттың білесіз бе түрі көп.?!
Өз жанынан артық көрген балаларын.
Махаббаты озық тұр ғой Аналардың.
Сарқылмайтын, бітпейтін мейірімге,
Өз басым таңырқаймын, таңғаламын.
Құрметтеймін ,анаға тағзым еттім.
Бала-дейді аналар бауыр етім.
Науқас болса перзенті , қолдан келсе,
Өзіне аударады-ау барлық дертін.
Өмірдің бар жақсысын сүзіп берер.
Қамалдарды ойланбай бұзып берер.
Бала үшін қажет болса əз аналар,
Кеудесінен жүрегін үзіп берер.
Перзенті үшін барлығында еңсереді.
Ей, Балалар! сыйлаңдар шешелерді.
Абайсыз шалыс басып, құлап жатсаң,
Алдыңнан мамық болып төселеді.
Адалдыққа мен бұндай таңғаламын.
Мейіріммін сіңдірген-ау бар ғаламның.
Патшаларда мойындап, басын иген,
Махаббаты шексіз ғой аналардың.
"Заман жайлы"
Жулдыз Сулейменова
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
"Заман жайлы"
Байқап тұрсам құндылықтар өзгерген.
Қорқып кетем бақай есеп сөздерден.
Саусағында қимылдатпай біреулер,
Жеңіл табыс ,тегін өмір көздеген.
Қулық жаулап адамзаттың санасын.
Тұмандатты көздерінің қарасын.
Жаман індет салдарынан шошынбай,
Көп ойлайды азық-түлік бағасын.
Заман жайлы сөйлесін бүгін мұңым.
Билік жүр ғой құбылтып күнде үнің.
Тəуелсіздік сыйлаған төл теңгеміз,
Жоғалтып бара жатыр неге құның?!
Көкенісі удай қымбат бақшаның.
Құны бітті расында да ақшаның.
Отанымды "ғажапстан "қылатын,,
Уəделері қайда ұшты патшаның.?!
Заман жайлы жыр жазам азынаған.
Жемқорлар ол жеп жатыр қазынадан.
Қара жолға бөлінген қаражаттан,
Əкім айтад; Кішкенее , азын алам.
Жыл басында уəделерін көп беріп.
Сөздерімен барлық жерді көмкеріп.
Миллиондар мен миллиардтарды бөлгізіп,
Қарындарын қампайтады төңкеріп.
Алла-дейді көбі оны ұмытқан.
Ақиқат-деп өтірікке былыққан.
Үкіметтен қайыр тілеп, зарланып.
Баймен бірге қара халық құныққан..