Техникалық қолдау: +7 (707) 532-77-22
Жас және бастаушы авторларды қолдау
Жас және бастаушы авторлар жұмысы
Сенсіз өмір сүруге төзбейді екем...
Еркебұлан Нұржанұлы
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Сезімдерге боялған санам улы,
Жүрек басшы болмады-ау маған үлгі.
Сен есіме түскенде түсінбеймін,
Жас торлайды неліктен жанарымды?!

Өзімде болмай жүрмін, өзімде емес,
Қимастық оянады-ау, сезімде кеш.
Жан дүнием барады гүлше солып,
Жанарымда жасалған өзің бе елес!?

Неге сезім, уақытты жалғамайды!?
Неге бұл түн сездірмес, таңғы арайды!?
Барлығы да бақытты болады екен,
Себебі бақыт адам таңдамайды!!!

Сезімді түсінбей бос асықтықпа,
Сүйгеніңді сездірші асып шықта.
Махаббаттың көлемі шектеусіз ғой,
Ғашықтықта қарамас, қашықтықта.

Жүрегім шын сезімді көздейді екен,
Сезімді сендей неге сезбейді екем!?
Сусыз өмір сүруге төзгеніммен,
Сенсіз өмір сүруге төзбейді екем...
Сүю деген ...
Еркебұлан Нұржанұлы
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Сүю деген қуану мен күрсіну,
Сүю деген көз жасына тұншығу.
Сүю – сені байқамайтын бір жігіт,
Сүю – сені елемейтін бір сұлу.

Сүю деген көңіліңнің күлкісі,
Сүю деген жігер оты, жыр күші.
Сүю – саған табынатын бір адам,
Сүю – сені ұнататын бір кісі.

Сүю деген шығу қиын биік тау,
Сүю деген көп ойларды тұйықтау.
Сүю деген ұйықтап жатып ояну,
Сүю деген ояу жүріп ұйықтау.

Сүю деген ұнату мен жирену,
Сүю деген сараңнан да сый көру.
Сүю деген білгеніңді ұмыту,
Сүю деген жұрт білместі үйрену.

Сүю деген сәл көрмесең сағыну,
Сүю деген табынбасқа табыну.
Сүю деген мойындамау сананы,
Сүю деген ессіздікке бағыну.

Сүю деген сезінбесті сезіну,
Сүю кенет бір ғажапқа кезігу.
Сүю деген армандаумен ояну,
Сүю деген қиялдаумен көз ілу.

Сүю деген тасып толу тағы да,
Сүю деген асық болу сағына.
Сүю – көну өз еркіңмен азапқа,
Сүю – міну тауқіметтің тағына.

Сүю деген айтып жүрген ән-жырың,
Сүю деген жел, қар, дауыл, жаңбырың
Сүю – сенің әр мезетің, әр сәтің,
Сүю – сенің бүкіл өмір, тағдырың .
Аққу арман, махаббат...
Еркебұлан Нұржанұлы
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Сезімнің ашып шырайы,
Махаббат тасып жыр-айы.
Осылай өлең жазамын,
Белгісіз, бірақ ұдайы.

Аққу құсы арманнан бастау алған,
Бірер жан бар ерекше басқалардан.
Махаббаттың жалыны ойда үміт,
Ақ сезімге толы тұр, аспан алдан.

Сезімім бар жүректе алып ұшқан,
Кейде кетіп қателік жаңылысқан.
Аққу арман арайлы, сезімі бал,
Сені іздеп бұл жүрек сағынысқан.

Сезімім бар әрине асыр(а) алам,
Мен қалайша сезімді жасыр(а) алам.
Барлығында өлеңмен жеткізеді,
Сені сүйген бұл сері, ғашық адам.
©Еркебұлан Оразанбаев
Тәттіме
Еркебұлан Нұржанұлы
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Тәттіме

Бұл жүректе маздаған жалын еді,
Түсінбедім іздеді күтіп нені?
Осылай қызық күйге түсе қалдым,
Жақын тартқан жүрекке күннен бері.

Сын басты ма? Көңілді мұң басты ма?
Әлде жарқын болашақ күнді ашты ма?
Айым саған қоятын сауалым бар!!!
Ғашық жүрек өзіңмен сырласты ма?!

Сезім ашық, жүрегім ғашық саған,
Оймен санам, шын ғашық масық саған.
Сені сұлу бір минут көре алмасам,
Оттегі де қалады жетпей маған!

Нұрымсың төккен шуақ жүрегіме,
Сезім ол-гүл қайтадан түледі ме?
Сені сүйген жүрегім тәттім менің,
Бұл өмірді сенсіз-ау сүреді ме?!
Сен жетіспей тұрасың жүрегіме!!!

Мен сені жақсы көрем білесің бе?
Сені көрген ең алғаш күн есім де.
Жарығым-ау сезімің мына сенің,
Көңіл сүйген жүректің үлесінде.

Мен сені жақсы көрем сенесің бе?
Әлде жүрек бақытқа бөлесін бе?
Сен іздеген бақытың мен де болса,
Жүрегіңді мәңгіге бересің бе?!
©Еркебұлан Оразанбаев
Махаббат ол...
Еркебұлан Нұржанұлы
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Махаббат ол қымбат нәрсе бағалы,
Махаббат ол тырнар кейде жараны.
Махаббат ол шешілмеген формула,
Түсінбеген ешбір ғалым оны әлі.

Махаббат ол көп мұңайып, күрсіну,
Махаббат ол көл сезімге тұншығу.
Махаббат ол сені сүйген бір жігіт,
Махаббат ол сені сүймес бір сұлу.

Махаббат ол толқынындай жәй көлдің,
Махаббат ол себепшісі жәй демнің.
Махаббат ол сені іздейтін қара түн,
Махаббат ол біз сияқты ай мен күн.

Махаббат ол сені сүйген жар ісі,
Махаббат ол сені ойлаған таң күші.
Махаббат ол құшақ-құшақ қызғалдақ,
Махаббат ол біз кездескен бақ іші.

Махаббат ол айналатын қаруға,
Махаббат ол жазылмаған заңыңда.
Махаббат ол әркім үшін әрқалай,
Түсінбейтін професор, ғалымда.

Махаббат ол кейде бақыт бөлмейтін,
Махаббат ол ешуақытта өлмейтін.
Махаббат ол біз секілді ай мен күн,
Қаласада бірін-бірі көрмейтін...
Еркебұлан Нұржанұлы
Қала: Тарбағатай, Көкжыра ауылы
Жасы: 18
Қолжазбалары: 5
Оразанбаев Еркебұлан Нұржанұлы. туған жылы 2006. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылының Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы