Техникалық қолдау: +7 (707) 532-77-22
Жас және бастаушы авторларды қолдау
Жас және бастаушы авторлар жұмысы
Өлең-‐өмір💐
Марияш Хавден
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Мен қызықпағам атқа да атаққа да
Жыр жазам жүрек күлсе, масаттана
Сол сәтте баладай пәк күйге енем
Арам бір пиғылдардан жирене мен

Ақ жолдан адастырма арманым деп
Үміт жіпке разымын сүйрелеген
Есімді биік шыңға жетелейді
Ақылды арлы әдеттен түйген өлең

Көкейден туа берсе күндегі өлең
Құрметім де шығар ана, тілге деген
Қазақтай ғажап елдің қызы бола тұра
Кінә ғой терінің бір пұшпағын илемеген

Өмірде ие болмасам да жүлдеге мен
Бірге шауып сіздермен ,бірге желем
Адами құндылықты ардақ тұтып
Ақ арымды алға ұстайын кірлемеген

Тұнық ой тумаса да жүрдек өлең
Жақсы сөз жауа берсін жыр жебеден
Кім мәңгі бұл жалғанда жүрер дейсің
Жақсы ғой сыйлаған, бірін-бірі күндемеген

Күшті де емес қауіп, кекшіл де , үндемеген
Деген екен данышпан, бір көреген
Тілегі бір, тілекші жан болайық
Өмірдегі жүзген соң, бір кемемен

Жүрегім жырла-жырла жыр кернеген
Жабыққан сәтте жамалыма гүл берген ең
Жаныма жақсы пиғыл, ниет берші
Жатайын жамандықтан тұл жерге мен

Өмірде бәрі жақсы жандар болса
Өкпе айтам , ренішті кімдерге мен
Өрнегім жүрегімнің жібек жіпті
Өз жүрегімнен өлең өрдім сіздерге мен
10.11.22.Марияш Хавден қызы 💐✒
Өлең туарда....
Марияш Хавден
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Шабыт келсе тау суындай мөлдіреп ағады өлең
Толқын ұрып жатқанда жаға да мен
Жай таптырмай жанымды жатса кейде
Өр кеудемді бұлқынып қағады өлең

Жарып шыққан жүректі құдіретсің
Өлең саған мен сондай баға берем
Түнгі ұйқымды ұрлаған тұнық өлең
Толғақ қысқан сайын мен таба берем

Сен туатын шақ кейде түннің іші
Сен туатын шақ кейде ала келең
Жан сырымды мен саған ақтарамын
Жан жарамды өзіңмен жаза берем

Сен туарда көрмеймін ештеңені
Сен туарда боламын таза керең
Сен бар жерде өмір бар қуанышта
Сен келерде қашады маза менен

Сен бар жерде,өмір бар қуанышта
Бөле жақсы жүректі қуанышқа
Өлеңменен ауырған мен ғана ма
Сенен жырақ кетпедім тым алысқа

Кірі емес, көңілімнің бұлағы бол
Көпке ұна ! зияның жоқ, құнары мол
Күрке де қалып қоймай құлыптаулы
Көп іші сенің барар тұрағың-ол14.11.22.Марияш.Хавден қызы
Кейбір ойлар..
Марияш Хавден
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Қарық боп қалмасамда өлең жазып
Шумақ та ойға оралып ауық-ауық
Жақсы ісі жанға азық болама деп
Көрейін ақылдының ой өрісін пайдаланып

Өткенге өкінесің кейде налып
Жасықтың әр ісі жүреді кейін қалып
Тәрбие, ар ұжданың болмаса егер
Білімді атанудың өзі қауіп

Білмесе де атағы бар білімді көп
Оқыған деген жабағы тон жауып алып
Адал жан салт дәстүрін бойға жиып
Әділдіктан жүреді арна тауып

Әркімнің ар ұжданы өз құдайы
Ежелгі дәстүрлі дін ол шынайы
Салт дәстүр,тіл байлығын сақтамаса
Тұла бойға тықпалаған түсінеме тылсым жайлы

Жақсы адам боп ешкім тумайды екен
Жақсы қасиетті бойға жимай ма екен
Өзімді өзгертем деген жандар
Ғұлама,даналардың құндылықты жинайды екен

Өмірден нені түйдім нені ұқтым
Әрекетсіз армандаумен мен келіппін
Екпеген дәнді жинауды үміттеніп
Қиял құсым сенімен бірге желіктім

Аяқ асты ойыма ұйқас келіп
Ойымды айтып салдым төгіп-төгіп
Дұрыс па бұрыс па әлде өремде тар
Бағасын қоярсвздар сіздер беріп
10.11.22.Марияш Хавден қызы
Таңғы суық
Марияш Хавден
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Таңғы суық мұздатқанымен
Науадағы су қатқанымен
Таза ауаны жұта-жұта
Таңғы өмірге дыздақтадым мен

Күз қалғандай сыз батпағымен
Қырау жиып құз жатқанымен
Дала жыртық көйлек киді
Жұқа қырау мұздақтарымен

Жалаңаш тал билеп қояды
Таңғы желдің ырғақтарымен
Күннің көзін көре алмадым
Шығыс жақпен сырласқаныммен

Тық-тық тұяқ үнін тыңдап тағы мен
Ерте тұрып бұл жақтағы мен
Таңды əрлеп əлек болдым
Көңілімнің гүл қатпарымен

Таңғы келіп сырды ақтарып ем
Жүректегі жыр дақтарымен
Таңғы қимыл таза естілді
Күн суытып түн қатқанымен

Таңғы сурет тамаша шықты
Жылы деммен булап тағы мен
Таңғы ауыл тіірлігі жалғасы беріп
Таңғы түтін будақтарымен
03.11.21Марияш Хавден қызы
Кейбір ойлар..
Марияш Хавден
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Қарық боп қалмасамда өлең жазып
Шумақ та ойға оралып ауық-ауық
Жақсы ісі жанға азық болама деп
Көрейін ақылдының ой өрісін пайдаланып

Өткенге өкінесің кейде налып
Жасықтың әр ісі жүреді кейін қалып
Тәрбие, ар ұжданың болмаса егер
Білімді атанудың өзі қауіп

Білмесе де атағы бар білімді көп
Оқыған деген жабағы тон жауып алып
Адал жан салт дәстүрін бойға жиып
Әділдіктан жүреді арна тауып

Әркімнің ар ұжданы өз құдайы
Ежелгі дәстүрлі дін ол шынайы
Салт дәстүр,тіл байлығын сақтамаса
Тұла бойға тықпалаған түсінеме тылсым жайлы

Жақсы адам боп ешкім тумайды екен
Жақсы қасиетті бойға жимай ма екен
Өзімді өзгертем деген жандар
Ғұлама,даналардың құндылықты жинайды екен

Өмірден нені түйдім нені ұқтым
Әрекетсіз армандаумен мен келіппін
Екпеген дәнді жинауды үміттеніп
Қиял құсым сенімен бірге желіктім

Аяқ асты ойыма ұйқас келіп
Ойымды айтып салдым төгіп-төгіп
Дұрыс па бұрыс па әлде өремде тар
Бағасын қоярсвздар сіздер беріп
10.11.22.Марияш Хавден қызы
Ана❤
Марияш Хавден
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Сізді көріп көңілім шаттанады
Маған ғана бергендей жақсы ананы
Тұла бойда тұрса да қанша мінім
Күні бүгін келесіз мақтап әлі

Алып берген ақ жолға жолдама екен
Адал бол деп анамның қақсағаны
Шаршап талай жанары солған екен
Анық куә оған да ақ самайы

Сіз бар жерде орнаған тақта мәңгі
Құдірет жоқ анадан асқан әрі
Сізбен бірге жүрегім кешір ана
Сізбен бірге қонғандай басқа бағы

Ақ жаулықты көргенде ақ маманы
Аңқау бала мінезім де басталады
Аналар аман болсын деп ұйықтайын
Анам тіккен жастықты жастап әлі

Ана,қамқор, қуаныш ,мақпал әрі
Балаға жоқ сіздерден басқа дәрі
Түн ұйқыңды төрт бөліп тыным таппай
Жамандықты жүрсің бе жасқап әлі

Маған ғана бермепті жақсы ананы
Барлық бала болсыншы жақсы аналы
Менде анамдай ақылды боламын деп
Бала,бала деуменен шашта ағарды
Бақ дәулеті басынан арылмасын
Өмірдегі деп айтамын басқа ананы
25.10.22.Марияш.Хавден қызы❤🌹
Шабыт қайда?
Марияш Хавден
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Қашқан ба менен
Дегенің қайда
Ақшамда келем
Арманды анау
Аспанда деп ең
Көңілің таза
Ақ қар ма деп ең
Жүрегің жұмсақ
Мақпал ма деп ең
Дәрі әкелемін
Дақтарға деп ең
Сырыңды жайма
Ақтарма деп ең
Қайдасың арман
Қайдасың шабыт
Құтылдың ба менен
Айланы тауып
Келемін деп ең
Қалдың ба үнсіз
Тас түйін керең
Әй, несіне сөгем
Жүрегім жалғыз
Кеміре берем
Сыртқа шықпай
Семіреді өлең
Жалғандық жайлап
Тағдырға байлап
Мойнында көген
Көміледі өлең
Сырт айланып
Сенгенің сенен
Жігерің құм боп
Жүйрікпін деген
Жүлдегер болып
Жабы мен көбен
Жондары шығып
Жылы жұмсақ жеген
Жүнжіп сен өлең
Жаба салмаңды
Бүруге таппай
Жүн жіппен Тебен
Өзіңді өзің
Санайсың төмен
Сабырың бітіп
Шабытты күтіп
Сасқаннан шыққан
Сабырсыз өлең
Дейнбе??
21.10.Марияш.Х

Бағыт қайда?
Көңіл шіркін!!!
Марияш Хавден
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
✍✍✍
Аспан да ақ жабағы киіп бүгін
Айнала томаға тұйық түрің
Жаныма жылу бере қоймасаңда
Аулаға неменеге шығып тұрмын

Сөз етіп қыстың алғаш суық күнін
Күнін кешіп кеттім бе құлықсыздың
Санамды салқын сансыз самал кеулеп
Сұрықсыз сиқымнан-ақ суып тұрмын

Соншама әсерлі ме суық бұл күн
Жүрекке жалын жырды бүгіп тұрдым
Көңілдің көлеңкелі күркелерін
Жалынды жыр шумақпен бұзып кірдім

Көңілге түсіргенмен сансыз кірбің
Еңсе деген ең биік берік шыңның
Еңсесі түсірем деп екіленбей
Жаман ойға жабыспа! күдер үзгін

Жігерді қайратыма жанып алдым
Жасыма жамалым-ау қабыл алғын
Қыстың да өз қызығы бар емеспе
Жаратқанның әрбір сыйын қабыл алғын27.10.22.Марияш Хавден қызы
Марияш Хавден
Қала: Павлодар облысы посёлок Солнечный
Жасы: 55
Қолжазбалары: 8
Қарапайым үйде отырған ана! Шығармашылық жолын да, өлеңдер жазам қызығушылығым өте зор !