«Ақ отау жұмбақтары» - белгілі этногроф ғалым, ұлт мұрасының шырақшысы Әлима Ысқақтың қажырлы еңбегінің жемісі.
Кітап – төл тарихымыз бен мәдениетімізді, әдет-ғұрпымыз бен салт-санамыздың бастауларын өскелең ұрпаққа насихаттауымен құнды.
Кітапшада келтірілген жұмбақтардың тақырыбы ұлттық қолөнерімізге, салт дәстурлерімізге арналған. Сонымен қатар, әрбір жұмбақтың шешімі түрлі-түсті суреттердің көмегімен берілген. Бұл балалардың тарихи танымы мен ойлау қабілетін, қиялының ұшқырлығын арттыруда таптырмас тәсіл.
Кітап – мектеп оқушыларына, жас жеткіншектерге, педагогтарға, ұлт жанашырларына және барша оқырман қауымға арналған.