Техникалық қолдау: +7 (707) 532-77-22
Жас және бастаушы авторларды қолдау
Жас және бастаушы авторлар жұмысы
"Жүрегім"
Алтынай Аман
Бағыты: Мәдениет, өнер
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
- Әй,жүрегім
Ұғар дейсің бізді кім?
Бой бермеймін - басуына жүзді мұң.
Сырт әлемге көрінбейді емес пе,
- Сенің көңілсіздігің...

- Әй,жүрегім?
Сырласайық біз бүгін.
Жауратқандай мені,біраз күзгі күн.
Сенің мықты екеніңе таңқалам,
Қиын сәтте босамады тізгінің...

- Әй,жүрегім
Тыңдар дейсің біз жырлаған жырды кім?
Сен де мұңды,мен жасырын мұңдымын...
Алда,бірақ - шын сенемін,болады
Күлкінішті көрінетін бұл күнің!

- Әй,жүрегім
Тыңдар дейсің сырды кім?
Бір өзіңмен жарасады бірлігім!
Жарқырайық - жеңбейінше, осылай
Іште қайғы,болсын бірақ сырты күн!

- Әй,жүрегім?
- Тыңда мені,
Атар алдан - бал-бақытты жүз күнің!
Үмітіңді үзбей - күліп жүр,күнім!
Жыр соңында саған тілек тілейін:
"Түтінді болсын әрқашанда түндігің!"

Алтынай Аман
"Еңсеңді көтер"
Алтынай Аман
Бағыты: Мәдениет, өнер
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
- Еңсеңді көтер!
Тік ұстап бойды,тұр биік!
Жықпасын сені - жаныңа түскен бір күйік!
Ұнатпай,саған - қараған сыншыл көз үшін
Құрметтеп,сыйлап -
Өзіңді әркез жүр сүйіп!

- Ештеме етпес,
Көлеңке де түседі - күн түскенге.
Амалың жоқ - күлімдеп,көндікпеуге.
Бұл бастан - бәрі де өтеді екен...
Өмірде - жоқ,бауыры бүтін пенде!

- Бәрі кетер,
Кетер бастан,бұл - қиындық,уайым,қайғың!
- Бәрі өткінші!
Болсыншы жаның жайлы!
Түсірместен еңсеңді, болмашыға -
Өміріңді - қалай бар,қабылдай біл!

Алтынай Аман
"Аллаға ғана жалбарын"
Алтынай Аман
Бағыты: Мәдениет, өнер
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Алыстап кетсе арманың,
Жабылып қалса жолдарың,
Аяққа тұра алмасаң,
Байлаулы болса қолдарың,
Ешкімнен көмек болмаса,
Тұнжырап атса таңдарың,
Қашықтан сәлем жолдаса -
Жақыным деген жандарың,
Бастаған ісің оңбаса,
Береке дарып,қонбаса
Дұғада болу керек-ті!
Таза жол болсын таңдауың!
Иманға толтыр жүректі!
Жылулық төгіп жан-жағың,
Жақындай түсер арманың!
Ұғыну үшін фәнидің -
Әр сәті мен бар мәнін -
Үмітті қайта жалғағын!
Қиындық түссе ғана емес,
Қуанышта да еске алып
"АЛЛАҒА ҒАНА ЖАЛБАРЫН!"

Алтынай Аман
"Кісі кілті аспанда"
Алтынай Аман
Бағыты: Мәдениет, өнер
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Бір досыңның адалдығын сезбесең,
Болса егер оған деген мың күмән -
Онда тыңда: "Аттың сырын білмесең,
- Жүрген дұрыс сыртынан!"

Жақын тұтып - әр сөзіне сен,мейлі.
Жақсы білмей - досың етіп көр,мейлі.
"Арам тамақ - ас болмаса,ендеше
Арам адам - дос болуға келмейді!"

Таныс,құрдас,жақын дос па,басқаң ба -
Абай болшы сырларыңды ашқанда.
Не ішінде жатқандығын білмейсің,
- Сене берме!
"КІСІ КІЛТІ АСПАНДА!"

Алтынай Аман
"Кешіре біл"
Алтынай Аман
Бағыты: Мәдениет, өнер
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Ыза-кекті жүрегіңе серік етпе,
Қатқан мұз да - мейіріммен ерісін.
Өзің айтшы,кімге керек сенің өкпең?
- Кімге керек ренішің?

Жүзіңе де нәр беретін іштегі күн -
Доғармасын жылы нұрын шашуын.
Болса дағы мың досың мен жүз серігің,
- Кімге керек ашуың?

Жүресің бе - бір ренжіп,бір өкпелеп
Шындығы жоқ сөз айтса да сыртыңнан?
Кешірімді болу үшін - жүрек керек,
- Жүрек керек нұр тұнған.

Жақсылыққа әрқашанда жақ көңілің -
Болмашыға болады несіне дүл?
Өкпе-реніш тұрмаса да жат көрініп,
Өкпелеткен адамдарды - кешіре біл.

Алтынай Аман
"Ұнамайды осы ғасыр (XXl)" [5-шумағы]
Алтынай Аман
Бағыты: Мәдениет, өнер
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Шынымды айтсам,ұнамайды осы ғасыр:
Ақтарылып айта алмайсың досыңа сыр!
Бір-біріне сүйем-күйем десе дағы,
Ғашықтар жоқ,жақсы көріп қосылатын!...

Шынымды айтсам,ұнамайды осы ғасыр:
Кредитпен той жасап,шашылатын.
Ертесіне ажырасса екі ғашық -
Дүние бөліп,басы қатып отыратын!...

Шынымды айтсам,ұнамайды осы ғасыр:
Байды - Құдай,кедейді - құл деп басынатын.
Байдың қызы - ең әдемі бір ауыздан,
Болса дағы - талтақ аяқ,жүзі қотыр!...

Шынымды айтсам,ұнамайды осы ғасыр:
Кәрі,жас та - бос нәрсемен босылатын.
Теледидар қосып қалсаң,атып шығар -
Мирық-сирық түрі бар осылар кім?!...

Шынымды айтсам,ұнамайды осы ғасыр:
Еш нәрсе жоқ - келетін қызығуға.
Нендей жақсы бұл ғасырдан тосынасың -
Ұлы - қызға ұқсаса ,қызы - ұлға?!...

Алтынай Аман
"Махаббатым қайда?"
Алтынай Аман
Бағыты: Мәдениет, өнер
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Махаббатқа жел есті ме, жайтарып?
Бұл бір дүлей,кетті екен қайда алып?...
Мені іздеген махаббатты көрсеңдер -
Өзіме әкеп беріңдерші қайтарып...

Ұрлап менен -
Қай қарақшы кетті екен?
Қай дүние бұрышын ол беттеген?
Сүйгенімнің аманаты еді ғой,
Жүрегіңе мәңгі сақтап өт деген...

- Үміттеніп,
Табылады деп жүр ем...
- Қайдан іздеп,
Қалай табам,енді мен?...
Бір жолата кетер болсаң,
Қалыспай -
Бірге ілесіп кетер ем ғой сенімен...

Іздеп сені,
Таусылғандай төзімім...
Ағы менен қарасы едің көзімнің!...
Құзғыштайын қорып жүрем
- Табылып,
Жүрек ішін - пана етші,сезімім...

Өзекті өртеп өкінішім барады...
Сенсіз,енді - жүрегім бос қалады...
Өзіңменен шуақты еді өмірім!...
Ал,өзіңсіз -
Оның іші қараңғы...

Махаббатқа -
Жел есті ме, жайтарып?...
Бұл бір дүлей -
Сені кетті - қайда алып?...
Мені іздеген махаббатты көрсеңдер -
Өзіме әкеп беріңдерші қайтарып...

Алтынай Аман
Алтынай Аман
Қала: Тараз
Жасы: 31
Қолжазбалары: 7
Ең алғашқы өлең жолдарымды - 11 жасымнан бастап жаздым.Әлбетте, бірінші шумақтарымды - анашыма арнаған болатынмын.Бала кезде жазған барлық жазбаларымды - анашым,әлі күнге дейін көзінің қарашығындай сақтап жүреді. Содан бергі - ақындық өнерімді көзге ілмей бірәз жүрсем де, ішті жарып шыққалы жатқан жырларым, мазамды алып қоймағасын, барлық ынтамды бөлуге тырыстым. Желімен бөлісіп, өлеңдеріме жылы лебіз жаудырған - алғашқы оқырмандарымды таптым. Ол - мен үшін үлкен қуаныш болды. Қазіргі таңда - біршама өлеңдер жаздым, әндердің авторымын,сондай-ақ - "ҚР авторлар одағының мүшегерлігіне" ендім. Өлең,ол мен үшін - жүрек сөзі. Кейде өз тіліңмен жеткізе алмағанды - жүректің үні жеткізеді емес пе.