Техникалық қолдау: +7 (707) 532-77-22
Жас және бастаушы авторларды қолдау
Жас және бастаушы авторлар жұмысы
Алагеуімдегі жыр
Нұрым Ғұмар
Бағыты: Ғылыми әдебиеттер
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
***
Рұқсат па?.

Сенің бейнең суреттеуге келмейді,
Бірақ....
Саһар уақытындағы шымшықтай әсем дауысың,
Құйыла бергенде ессіз ынтық екенімді түсіндім.
Көл бетінде тербелген ай жүзіндей жанарың,
Менің мұңлы жанарыммен түйіскен шақта,
Бір бақытымды көргендей болам.
Ымырттық сәуле шуағындай тым нәзік,
Жаныңа ғашық болмау күнә ғой.
Мен сені сүйе бергім келеді,
Жай ғана себепсіз...
Жұрттың қаңқу сөздеріне қойшы деп,
Шулы дүниенің дүрмегінен әрі асып,
Тек екеуміз... Бақытты болайық!.
Сағыныш, ол қашанғы бүгер екен,
Қанша бүктелеп кеудеме терең сүңгітсем де,
Менің жалын жүрегімнен шоқ дарып,
Сіріңкенің күкіртіндей лап етер...
Ұғынып көр, дауыл өтіндей сағынышты?!.
Бал шағыңның шыны-әйнегі шытынап,
Жабырқаулы шаққа шөгіп қалды ма?.
Сені ойымнан бір елі ұмыт қалдырсам,
Атпайтындай қалады осы, таң мына.
Жанымдағы алыс адамнан шет шығып,
Айналамнан жылу түспей жаурыға, жүретінмін.
Күлім қаққан сұлу жүзіңе зәру боп.
Алыс жолдын сан қилы соқпағына қарамай,
Желдей жүйткіп жұбатқым- ақ келеді.
Жалғыздығыңа қол сұғып...
Сынар болсам бола ма,
Сіздей аруға???.
Ұйқымнан лезде оянып...
Құшағыма қатты күшпен қысып ап,
Жұлдыз сәулесіне рахаттана шомылып,
Нәзіктігіңе, сосын пәктігіңе куә боп,
Сені құшсам ба деген ем....
Рұқсат па?....
Нұрым Ғұмар
Қала: Уральск
Жасы: 20
Қолжазбалары: 1
Ғұмар Нұрым Қайырболатұлы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылының тумасы. Жас ақын.