Техникалық қолдау: +7 (707) 532-77-22
Жас және бастаушы авторларды қолдау
Жас және бастаушы авторлар жұмысы
Ауылда
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы: Ауылда.pdf
Әке мен бала
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы: Әке мен бала.pdf
Сол бір ару
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы: Сол бір ару.pdf
Ұлы түн
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Ұлы түн

Адамзаттың күтетін бұл — Ұлы түн,
Раббысынан сұрайтын бар үмітін.
Дұға-тілек, құлшылықтан бас алмай,
Қолын жайып өткізбейді мұны кім.

Бар жүректің ақтарылды сырлары,
"Я, Раббым" — деп құлшылықта тұр бәрі.
Жер бетіне шуақ шашып тұрғандай,
Көктен түскен бар періште нұрлары.

Бар жүректің сұрап жүрген тілегі,
Бір жыл бойы қайталанып жүр еді.
Осы түнде "Кешірші" — деп Алладан,
Дұға жасап жеңілдейді жүрегі.

Бар жүректің түбінде бір арман бар,
Мешіттерге үміттеніп барғандар.
"Я, Раббым, бір арманымды орында" —
Деп алақан жайды сұрап бар жандар.

Тағдыр түні — Қадір түні ең ұлы,
Бар пенденің көтерілді көңілі.
Ниеттеніп сұраған әр адамның,
Құлшылыққа толы болсын өмірі.

Олжас Наурызбаев
Әке
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Әке

Әке деген – асқар шың ғой түздегі,
Әке деген – жылы шуақ күздегі.
Сүрінгенде қолын созған әрқашан,
Әкелердің жайнап жүрсін жүздері.

Әке деген – алып тұлға ғаламда,
Әке деген – жарық нұрдан жаралған.
Қателессең бар қатеңді кешетін,
Әкелерде орындалсын бар арман.

Әке деген – барлығына өнеге,
Әкелерді құрметтеген көнеден.
Жүрегімен әрқашан да қорғайтын,
Әкелерді ешбір жанға теңеме.
Өмірімнің мәні
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Өмірімнің мәні

Тек сен менің өмірімнің мәнісің,
Көздеріме нұрын шашқан шуақты.
Бұл өмірде жасап жүрген әр ісім,
Сен келгеннен түзелгендей сияқты.

Тек сен менің өмірімнің мәнісің,
Сол күннен... Жүрек есігін қаққанда.
Бұл жігіттің шырқап айтар әнісің,
Түнгі аспан жұлдыздарын жаққанда.

Тек сен менің өмірімнің мәнісің,
Тағдыр менен дым қалдырмай түлетті,
Бар ауруды емдейтін сен дәрісің,
Тіпті мендік қансыраған жүректі.

Тек сен менің өмірімнің мәнісің,
Бір өзіңе аямаймын барымды.
Мендік мұңды шын түсінген жан үшін
Берем тіпті құрбандыққа жанымды.

Тек сен менің өмірімнің мәнісің,
Бір сен үшін сезім гүлін үйіппін.
Саған айтқан сөздерімнің бәрі шын,
Сені тәттім, жан-тәніммен сүйіппін!
Сағынамын
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Сағынамын

Тәттім менің жабығамын өзіңді іздеп,
Шығыс жаққа қарайлаймын ақ таңға.
Ала жаздай шөлдеп тұрам көзіңді іздеп,
Түнгі аспан жұлдыздарын жаққанда.

Жазғы шуақ күн сәулесін төккенде,
Көкке қарап елестетем бейнеңді.
Талай күндер жаңбырлатып өткенде,
Сағынышым кернеп өтті кеудемді.

Сені сүйем, оған менде жоқ күмән,
Сені көрген сәттерімнен бастап-ақ.
Өткен күннің бәрі-бәрі көк тұман,
Сені көрсем өзгереді қас-қабақ.

Сағынамын, сағындым жаным сені,
Болашаққа біздің бұл жол бұралаң.
Саған деген сезімімнің жоқ өлшемі,
Жаңбыр жауса мен деп ойла жылаған.
Мен сені ешкімге ұқсатпаймын
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Мен сені ешкімге де ұқсатпаймын

Мен сені ешкімге де ұқсатпаймын,
Тіпті сенің шашыңның бір талын да,
Бейнеңді кескінге де ұқсатпаймын,
Шуақ болып шашылдың күрт алдыма.

Мен сен жұлдызға да ұқсатпаймын,
Сендегі нұр жарқырайды алдымда.
Жүзіңді бір қызға да ұқсатпаймын,
Сендік сезім сарқырайды бағымда.

Мен сені жарық күнге ұқсатпаймын,
Наз жүрегің жылулықты беретін.
Мен сені айлы түнге ұқсатпаймын,
Жанарларың бір үмітті төгетін.

Мен сені періштеге ұқсатамын,
Тәңірдің бір нұрынан жаратылған.
Мен сені жеміске де ұқсатамын,
Шырынын үйіп төккен бар асылдан.

Мен сені ұқсатамын биік тауға,
Үңілсем жан дүниең жаңғыруда.
Мен сені ұқсатамын бәрінен де,
Маңдайыма жазылған тағдырыма.
Көзіңнен көрем
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Көзіңнен көрем

Көзіңнен көрем өмірдің көркем ғажабын,
Ізіңнен ерем арқалап тағдыр азабын.
Емдеуші уақыт, жазылмай қалған жүректі,
Сезімнен көрем көрсеткен өмір тозағын.

Жүзіңнен көрем әлемде асқан сұлулық,
Сөзіңнен көрем сезімге деген жылулық.
Қылығың тәтті тамсана кетер жас жүрек,
Аллаға тәубе жаратқан сені сұлу ғып.

Жүзіңнен өбем кіресің келіп түсіме,
Өзімнен көрем жүрегім қарсы күшіме.
Ізіңнен ерем, еріп келем ізіңнен
Төзімнен көрем айналғам қансыз кісіге.
Әйел-ана
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Әйел-ана

Әйел-ана - әлем, бесік тербеткен,
Таусылмайтын қуат алып жер, көктен.
"Ана" деген бізге биік ұлы есім,
Шаршамайтын қамқорлық пен еңбектен.

Әйел-ана - шуақ шашқан әлемге,
Қанша ақын атын қосқан өлеңге.
Күшің тасып бара жатса адамзат,
Анаңа кеп мықтымын деп дәлелде.

Әйел-ана - түнгі аспанның жұлдызы,
Әйел-ана - түздің сұлу құндызы.
Бар әлемге есіміңді ұлықтап,
Ардақтайды бар қазақтың ұл-қызы.

Әйел-ана - көкке ұшқан шағала,
Бар еңбегін төгіп жүрген жағаға.
Бүкіл ғалам қастерлейтін ей, бауыр,
"Ана" деген қадіріңді бағала.

Әйел-ана - әр кез ашар құшағын,
Есіміңді жазып көкке ұшамын.
"Ана" деген ең әдемі есімді,
Сегізінші кереметке қосамын.

Әйел-ана - таусылмайтын жыр-әнім,
Әйел-ана - мөлдіреген бұлағым.
Әйел-ана жүрегімен жылытып,
Көркейтетін қасиетті тұмарым.

Әйел-ана - өмірдегі бас тұлға,
Қамқоршысы кәрінің де, жастың да.
Ең бастысы, ең бастысы ананың –
Жәннат кілті аяғының астында.
Ауылда
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Ауылда

Балалық кезім.
Қой баққан менің күндерім.
Табиғат сонда ұсынып тұрды гүлдерін.
Тау-тасқа шығып далаға ұзақ көз тастап,
Уайым жоқ мүлде жүруші ек ылғи ілгері.

Таң ата тұрып желменен бірге жарысқан,
Қораға барып бірімен-бірі алысқан.
Апамның бізге "әй" деген сөзін ұмытып,
Ренжісіп алып, бауырлар тәтті табысқан.

Сай-сала кезіп, балықтың тауып ордасын,
Қуалап ұстап көп балық қызық болғасын.
Кетуші ек біздер көпірден асып ұзаққа,
Атамнан алып жасаған кіші арбасын.

Қызық қой ауыл, ауылда өскен балалық,
Атамнан қашып жасаған кейбір шалалық.
Көз салып қарап қазір мен қатты қызығам,
Керемет шаққа жиналып кейде баралық.
Наурызбаев Олжас Бауыржанович
Қала: Сарыөзек ауылы
Жасы: 30
Қолжазбалары: 11