Күйі қашып көлілдің, құбылғанда,
Сан ойлар санамды кеп қуырғанда,
Ақынды ұғар жан таппай ұлынғанда,
Сенің жырың береді ем мен тыным,
Шыбын жанға...
Ақыннан дос таба алмай отырғанда,
Жағымпаз жазғыштардан аһ ұрғанда,
Сенің жырың жолықты тосыннан ба?
Дос таба алмай отырмын музасы бар,
Ереке досың барма?
Оңашада өлең кеп ойланғанда,
Мөлдір мұңға бөленіп бойланғанда
Оқыс ойлар музамды ойрандауда,
Жанымды қоярға жер таппай қалам,
Сенде де сондай барма?
Бұлқынғанда шығардай іш пен куде,
Қалай сөне береді іштен пенде?
Шындық іздеп шырылдап піскен кезде,
Әділетсіз қоғамға не айтасың ?
Тістенгенде...
Құландай бұйра жалы бар,
Құлпырған шыңы сайы бар.
Арқаның биік нүктесі,
Ақсораң атты тауы бар
Жыланды дейтін шынары,
Көрпетай,Нұртай тағы бар,
Қазбақшы осы тауларды,
Сұғанақ ұры жабылар.
Кетпенін салып кен іздеп,
Кес кестемекші тағылар,
Сөйлемейді демесең,
Таулардың сәні,жаны бар
Бойында бұлақ тамырмен,
Бұлқынған таза қаны бар
Сайында жортқан аңы бар
Айнала қонған ауылдың
Төскейде өрген малы бар
Ақсораң менен Жыланды
Арқаның ары,сәні бар
Шыңында соққан самал мен
Манарбектің әні бар
Бегазы және Дәндібай
Тарихтың алтын дағы бар
Әлихан,Жақып,Әлімхан
Үш арыстың жаны бар
Желкесінен күлімдеп
Еркелеп атқан таңы бар
Аздыра бермей әр жерді
Аралыңды жазып ал
Шетелге кеткен есепсіз
Мұнай мен мысты қазып ал
Сұқтана бермей тауыма
Антұрған өңкей әрі бар
Қазғылауыңа бермеймін
Басымды мейлі шауып ал