Көп жылдардан бері балаларға арнап қалам тартып жүрген автордың бұдан бұрын «Айналайын» деп аталатын кітабы жарық көрген еді. Қолдарыңызға тиіп отырған «Айшуақ пен Күншуақ» - осы кітаптың жалғасы іспетті. Кітапқа негізінен, балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер, әңгімелер енгізілген.
Кітаптың тілі оқуға жеңіл, тартымды, берер тағылымы да мол. Жас бүлдіршіндерге, сонымен қатар, балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдерге және ата-аналардың кәдесіне жарайды деген ойдамыз.