Бұл кітапта Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан мешіт-медреседе 40 жылдан астам уақыт ұстаздық еткен ғұлама, әулие Аппақ Ишан Сейдахметұлы бабамыз туралы айтылады. Халқымыздың рухани-діни сауатын арттыруға атсалысқан бабаның еңбегі орасан. Халқымыздың біртұтастығын, ұлттық мүддені, ата-бабамыздың сопылық жолды яғни руханияттың жолымен жүргендігін сөз етеді. Кітаптың ауқымы кең, мазмұны терең. Сондай-ақ, кітапта Аппақ ишан атамыздың әулеті жайында және тариқаттың пірі болған немересі Хазіреті шейх Құрбанәлі Бақиболлаұлы Ахмед Ишан туралы да оқып, біле аласыздар. Кітап 4 тілде: қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған.
Лаура (Ләйләхан) Айтқожақызы 1969 жылы 11-наурызда Атырау облысында дүниеге келдім. Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-нің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 2001 жылы үздік бітірдім. 1995-2000 жылдары Қазақ радиосының «Шалқарында» музыкалық редактор болып қызмет атқардым.1997 жылы халықаралық ән додасы «Азия дауысының» үздік журналисі атандым. Астанада Қазақ радиосының жаңалықтар бөлімінде істеп, сол жылы «ЭРА-ТВ» (қазіргі 7 арна) телеарнасында редактор қызметін атқардым. 2013 жылы АҚ «Хабар» агенттігінде. Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық телеарнасында редактор болып қызмет атқарамын. "Аппақ ишан ата" деректі кітабының авторы.