Техникалық қолдау: +7 (707) 532-77-22
Жас және бастаушы авторларды қолдау
Жас және бастаушы авторлар жұмысы
Түнде келген шабыт пен ой.
Талаптан Шамсутдин
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Түнде келген шабыт пен ой.

Жұп-жұбымен жаратылған бұл өмірде,
Жұп таба алмай бұл күнде тапшы тұзым.
Әркімнің бар өзіндік жақсы қызы,
Ал менің, қайда жүрсің жақсы қызым?

Әркімге өз сүйгені жақсы адам
Сол жолықпай жүрғой маған жақсы адам
—ей жүрегім ойлай бермей өткен күзді,
ертерек жақсы бір қыз тапшы маған.

Осылай таба алмай жақсы қызды
Өткіздім қаншама мен тамшы күзді
Кейде ойланам «кінәлі өзім бе?»- деп
Дер кезінде баспаған қамшымызды

Не де болса бар білемін маған бір жұп
Жүргенде болар бәлкім ол жанымда
Жазылған уақыт бір күн келген кезде
Шын сезімді білдіремін сол ханымға
РАЗЫ БОЛСАҢ ЖҮР МЕНІМЕН.
Талаптан Шамсутдин
Бағыты: Көркем әдебиет
Жазбаның тілі: Қазақ тілінде
Жазбаның электрондық нұсқасы:
Ескі көйлек үстімде әжім басқан
Ішімде мұң сырт бейнем күлгенімен
Анамнан қалған жалғыз жүзігім бар
Разы болсаң осыған жүр менімен

Жалғыз Құдай және де қалам қағаз
Жалғыз жаным күресуде бұл өмірмен
Ертеңімнен үміт аз жағдай солай
Разы болсаң осыған жүр менімен

Шаң тозаңда жұмысым қиын тірлік
Шүкір деймін жан қиналып жүргенімен
Жүре алмаймын сені аялап алақанда
Разы болсаң осыған жүр менімен

Сүйер болсаң шын егер, бұл өмірдің
Ауырлығын көресің бір менімен.
Жоғыма да барыма шүкір деуге
Разы болсаң сүйгенім жүр менімен.
Талаптан Шамсутдин
Қала: Нур-Султан / Астана
Жасы: 27
Қолжазбалары: 2