Тыңда балам
Айтар сөзім көп менің
Кетем бір күні
Жасты бірақ төкпегін
Тоқшылыққа мәз болып
Жоқшылықты сөкпедің
Қара үйде қалдырып
Дұрыс болмат кеткенің
Қу қатынның соңынан
Қалдыра мені беттедің
Арман толы дәптердің
Жыртып тастап беттерін
Балам-ау деп қарап ем
Аларып маған кет дедің
Отырмын енді мұңайып
Өршітіп өкініш өрттерін
Әй балам аман бол
Тілерім осы тек менің
Заманым мені зарлатып
Қалдырдың неге қорлатып
Сұлу үшін сен бүгін
Кеттің ғой мені сорлатып
Суретің ғана жанымда
Пайдасы болмас олда түк
Сендеп соққан жүректі
Неге кеттің тоңдатып
Қарт кісіде қызық аз
Деп айтушы еді сорлы анам
Қартайған қара басыма
Расында қызық қонбаған
Ертеңгі күнім беймәлім
Қара түнек жол маған
Келмейсің білем балам ау
Демеймін оған таңданам
Қайда жүрсеңде тілерім
Аман болшы жан балам
автор: Саулет Туретаев